Skip to content

📡 Starlink спутниктік интернет құрылғысы бойынша комиссия отырысы өтті Starlink…

📡 Starlink спутниктік интернет құрылғысы бойынша комиссия отырысы өтті

Starlink спутниктік интернет құрылғысының оқу және тәрбие үдерісіне үздіксіз пайдалану, жұмыс барысына тиімді пайдаланып мүліктік жауапкершілікті арттыру бағытында комиссия отырысы өткізілді.
Отырыс барысында Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының директоры А. Бижанов облыс мектептеріне орнатылған спутниктік интернет жабдықтарын ұқыпты әрі жауапкершілікпен пайдалану, интернет жылдамдығын арттыру қажеттігін, сонымен қатар қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, білім беру процесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану үшін интернет жылдамдығының жоғары болуы – ақпаратқа қолжетімділікпен қатар, ақпараттық қауіпсіздік пен білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі екені ерекше атап өтілді.

Комиссия мүшелері тарапынан спутниктік интернеттің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, жабдықтарды дұрыс пайдалану, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.

📶🔐🎓 Жылдам, тұрақты және қауіпсіз интернет – сапалы әрі қауіпсіз білімнің негізі. #starlinkinternet