📍 Орал қалалық білім беру бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебінде «Әлеуметтік әмиян» жобасы және аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмысын зерделеу мақсатында мониторинг жүргізілді.
🔎 Мониторинг барысында:
✔️ жүйенің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі;
✔️ қызмет көрсету сапасы;
✔️ ата-аналар мен оқушыларға қолайлылығы;
✔️ деректердің дұрыстығы мен ашықтығы;
✔️ оқушылардың сапалы тамақтануын бақылау тетіктері;
✔️ оқушылардың қауіпсіздігі, бейнекамералардың полиция бөліміне қосылу жай-күйі қарастырылды.
Аталған жұмыстар білім беру ұйымдарындағы цифрлық жүйелердің тиімділігін арттыруға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оқушылардың қауіпсіздігін күшейтуге және әлеуметтік қолдау шараларының ашықтығын арттыруға бағытталған.#ақпараттандыруорталығы #бқо #орал #әлеуметтікәмиян #цифрлықбілім
