Skip to content

📍Облыстық семинар: «Әлеуметтік әмиян» жобасы бойынша семинар өтті Бүгін Облыстық…

📍Облыстық семинар: «Әлеуметтік әмиян» жобасы бойынша семинар өтті

Бүгін Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ұйымдастырумен №53 мектепте «Әлеуметтік әмиян» сервисін іске асыру тәртібі және ваучерлерді автоматты есептеу тетіктері бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – мектептердің әлеуметтік педагогтері мен тамақтануға жауапты мамандарына сервистің жұмыс қағидаттарын, мәртебені тексеру механизмдерін және ваучерлерді автоматты есептеу алгоритмін жан-жақты түсіндіру.

Семинар жұмысын білім саласының жауапты өкілі жүргізіп, қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырды, практикалық бөлім барысында нақты сұрақтарға түсіндірме берді.

🔹 Спикерлер:
* Сағынов Сұлтан Есболатұлы – Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Электрондық үкіметті дамыту басқармасының басшысы.
– «Әлеуметтік әмиян» жобасының цифрлық инфрақұрылымы;
– Аппараттық-бағдарламалық кешендердің 100% дайындық деңгейі;
– 1,53 млн ваучер және 42 млн берілген түскі ас туралы деректер.
* Төремұратов Кенжалы Жанғалиұлы – «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі
– Әлеуметтік қолдау тетіктерінің қоғам үшін маңызы;
– Жобаның әлеуметтік әсері мен тиімділігі.

Семинар барысында қатысушыларға:
✅ 1–4 сынып оқушыларына ваучерлерді автоматты есептеу алгоритмі;
✅ Тегін және жеңілдетілген тамақтану санаттары;
✅ Мәртебені тексеру тетіктері;
✅ Жүйеде жиі кездесетін техникалық және ұйымдастырушылық қателер;
✅ Ата-аналарға түсіндіру жұмысының үлгісі таныстырылды.

Іс-шара білім беру ұйымдарында тамақтануды цифрландыру үдерісін жетілдіруге, ашықтықты қамтамасыз етуге және тиімділікті арттыруға бағытталды.

#ӘлеуметтікӘмиян #Цифрландыру #Білім #53жоббм