Skip to content

📌 Қазақстанда алғаш рет: «Kazakhstan Drone Championship and Cup» республикалық…

📌 Қазақстанда алғаш рет: «Kazakhstan Drone Championship and Cup» республикалық жарысының ашылуы өтті

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанда алғаш рет республикалық «Kazakhstan Drone Championship and Cup» дрон жарысының салтанатты ашылу рәсімі «Жайық Арена» спорт кешенінде өтті.

Аталған ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы және «Aspandrone» қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен ұйымдастырылуда.

🎯 Жобаның мақсаты – оқушылардың инженерлік-техникалық қабілеттерін дамыту, заманауи технологияларға қызығушылығын арттыру және дарынды жастарды қолдау.

🔹 Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Абай, Қарағанды, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарынан 8–17 жас аралығындағы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысуда.
🔹 Қатысушылар – қалалық және аудандық жарыстардың жеңімпаз командалары.

Салтанатты ашылу рәсімінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Мэлс Сәкенұлы Жұмабаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

🏆 Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

📅 Жарыс екі күнге жалғасады.