Skip to content

Қ.Сәтбаев мектеп-гимназиясы, Х.Доспанова атындағы ЖОББМ және Достық ЖОББ мектептерінде «Future…

Қ.Сәтбаев мектеп-гимназиясы, Х.Доспанова атындағы ЖОББМ және Достық ЖОББ мектептерінде «Future Digital Skills» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылуда 🚀

Аталған жоба «Digital Kazakhstan» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, заманауи білім мен технологияны ұштастыруға бағытталған.

Жоба барысында 7–8 сынып оқушылары:
🔹 электроника және бағдарламалау негіздерін меңгеруде
🔹 3D модельдеу бағытында тәжірибе жинақтауда
🔹 стартап жобалар әзірлеуді үйренуде

Оқу процесі 4 аптаға жоспарланған. Әр кезең оқушылардың сыни ойлау қабілетін, шығармашылығын және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған.

Жоба соңында қатысушылар хакатонда өз білімдерін көрсетіп, нақты тапсырмалар арқылы мүмкіндіктерін сынайды 💡

Бұл — болашақ IT мамандарының қалыптасуына жасалған маңызды қадам.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! ✨