📚БҚО білім басқармасының Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ұйымдастыруымен
🏫 Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж базасында
💻🤖 «Инновациялық оқыту: ЖИ және цифрлық трансформациялау» атты семинар-практикум өткізілді.
✨ Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру жүйесіне тиімді енгізудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу болды.
👩🏫 Семинар барысында қатысушылар:
🔹 инновациялық оқыту әдістерімен танысты;
🔹 жасанды интеллектті сабақ үдерісінде қолданудың тәжірибелік қырларын талқылады;
🔹 цифрлық трансформацияның білім сапасын арттырудағы рөлін зерделеді.
🌍 Мұндай шаралар білім беру саласын жаңа деңгейге көтеріп, педагогтердің заманауи технологияларды тиімді қолдануына жол ашады.
#ИнновациялықОқыту #ЖасандыИнтеллект #ЦифрлықТрансформация #Білім #Семинар
