Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының» аяулы аруларын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының» нәзік жанды қызметкерлерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Басшы өз сөзінде білім саласының дамуына, цифрландыру үдерісін ілгерілетуге және ақпараттық жүйелердің тиімді жұмыс жасауына үлес қосып жүрген орталықтың аруларына алғыс білдіріп, олардың кәсібилігі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.
Мерекелік құттықтау барысында орталықтың нәзік жанды мамандарына зор денсаулық, отбасы амандығы, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі.
Көктемнің көркем мерекесі аясында айтылған ізгі тілектер мен жылы лебіздер ұжымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
