Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні БҚО әкімдігі ББ «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» КММ-не өңірлік «Ақжайық» телеарнасының түсірілім тобы келді 🎥. Келудің негізгі мақсаты – орталықтың қызметімен танысу, білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан цифрландыру бағытындағы жобалар мен стартап бастамалар туралы ақпарат дайындау 🛜.
Кездесу барысында орталық мамандары білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер, инновациялық жобалар және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану бағытындағы жұмыстар туралы таныстырды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында цифрлық технологияларды тиімді пайдалану тәжірибесі көрсетілді 💻🌎.
Бұл кездесу өңірдегі білім беру саласының цифрлық дамуын насихаттауға және инновациялық жобалардың қоғамға кеңінен таныстырылуына мүмкіндік береді. 🪐📲📡
