🎄 Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы 🏢 “Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы” ұжымын жыл бойы атқарған тынымсыз әрі нәтижелі еңбектерімен құттықтады 🤝.
💻 Білім беру саласын цифрландыру, 🖥️ ақпараттық жүйелерді дамыту және 🔐 қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы елеулі үлестері үшін орталықтың бірқатар қызметкерлері 🏅 Құрмет грамотасы және 📜 Алғыс хатпен марапатталды.
🌟 Басқарма басшысы ұжымға кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі және бірлікке негізделген еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, 🎯 алдағы жылы жаңа жетістіктер мен 🚀 табысты жобалар тіледі.
