🚀 IT саласындағы серіктестік – өңірлік дамудың жаңа кезеңі!
2026 жыл 5 қаңтар «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Орал қаласындағы филиалы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» КММ арасында өзара ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
«Аталған серіктестік Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауына байланысты, цифрлық трансформацияны жеделдету, жасанды интеллект технологияларын дамыту және өңірлік IT-экожүйені нығайту бағыттарын іске асыруға негізделген.»
🤝 Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары:
өңірде IT-қоғамдастықты дамыту;
халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру;
технологиялық кәсіпкерлікті және стартап экожүйесін қолдау;
цифрландыру және АКТ саласында тәжірибе алмасу;
тұрақты экономикалық өсім мен әлеуметтік прогреске үлес қосу.
💡 IT стартап жобаларға басымдық беріледі:
Тараптар бірлесіп:
білім беру, мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік салаға арналған IT стартап жобаларды әзірлеу және енгізу;
жас стартаперлер мен оқушыларға арналған акселерациялық және инкубациялық бағдарламаларды іске асыру;
хакатондар, bootcamp, стартап байқаулар ұйымдастыру;
өңірлік стартап жобаларды Batys Hub алаңында сүйемелдеу және масштабтау;
инновациялық жобаларды тәжірибелік пилоттық режимде іске қосу жұмыстарын жүргізеді.
📌 Тараптардың міндеттемелері:
Batys Hub – стартап жобаларды дамытуға инфрақұрылымдық, менторлық және сараптамалық қолдау көрсетеді;
Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы – білім беру жүйесіне IT шешімдерді енгізуге, кадрлық әлеуетті дамытуға және жобаларды апробациялауға ықпал етеді.
Бұл серіктестік – өңірдегі инновация, білім және технологияның тоғысқан нақты қадамы. Бірге дамимыз, бірге цифрланамыз! 🌐✨
#CISO#BatysHub #ITStartup #Цифрландыру #Инновация БҚО ӘділеттіҚазақстан TechEducation

