Бүгін Aqparat Time: AI & Digital Education кәсіби алаңы сәтті өтті 🚀
Іс-шараға қала және аудандық информатика пәні әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының IT жөніндегі орынбасарлары қатысып, цифрландыру, жасанды интеллект және заманауи IT-шешімдер бойынша өзара тәжірибе алмасты 💡💻
Кездесу барысында талқыланды:
🔹 Білім беру саласындағы цифрлық трансформация
🤖 AI-ды оқу процесіне енгізу
📚 Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту
📑 Педагогтерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары
⚙️ Инженерлік-техникалық шығармашылықты жетілдіру
Пленарлық “Aqparat Share” және тәжірибе алмасу “Aqparat Talk” сессиялары аясында спикерлер өзекті тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар жасап, қатысушыларға әдістемелік бағыт-бағдар берді 🎤✨
Спикерлер қатарында:
👩💼 Облыстық білім беруді ақпараттандыру саласының жетекші мамандары
🚀 Batys Hub өкілдері
🏫 Облыстық әдістемелік орталық және Назарбаев Зияткерлік мектептері зертханасының мамандары
💻 Тәжірибелі IT орынбасарлар
Іс-шара білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды тиімді енгізу мен IT мамандардың кәсіби дамуына жаңа серпін берді 🔥📈





