Skip to content

Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы…

Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлерімен және «BTS Digital» компаниясымен бірлесіп, “Әлеуметтік әмиян” құралын енгізу аясында оқыту семинарын өткізеді.

Бұл семинар – Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және даму министрлігінің 12.12.2025 жылғы №29-1-1-29/10936-И хатына және «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының директорының төрағалығымен өткен кеңес қорытындысына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

👥 Қатысушылар:
✔ Білім басқармаларының қызметкерлері
✔ Қала мектептерінің әлеуметтік педагогтері
✔ Әлеуметтік әмиян және АБК жауапты мамандар

📅 Күні: 20 ақпан
⏰ Уақыты: 11:00
📍 Өтетін орны: №53 ЖОББМ

🎯 Мақсаты: Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, әлеуметтік көмек көрсету механизмдерін жетілдіру және «Әлеуметтік әмиян» жүйесінің тиімділігін арттыру.

#ӘлеуметтікӘмиян #ЦифрлықДаму #ЖасандыИнтеллект #БілімБеру #Ақтөбе МемлекеттікҚызметтер BTSDigital AMANAT ОқытуСеминары