📍 Астана қаласында республикалық семинар өтті
Астана қаласында жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Жасанды интеллект: білім, дағды, болашаққа бағдар» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Аталған семинарға информатика пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында:
🔹 Умаров Дидар Жигерович
📌 «Білім берудегі жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен болашағы»
🔹 Утегенов Мырзабек Нұрланұлы
📌 «Болашақ мамандықтар мен жасанды интеллект: бүгінгі таңдау – болашақтың нәтижесі»
🔹 Екпинова Айгерим Мадениетовна
📌 «Инклюзивті сыныпта алгоритмдік ойлауды дамытудағы адаптивті платформалардың тиімділігі»
Семинар барысында жасанды интеллекттің білім беру саласындағы рөлі, болашақ мамандықтармен байланысы, сондай-ақ инклюзивті білім берудегі заманауи цифрлық платформалардың тиімділігі кеңінен талқыланды.
Педагогтеріміздің республикалық деңгейде тәжірибе алмасуы – өңіріміздегі білім сапасының артуына қосылған маңызды үлес.
👏 Әріптестерімізге шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!



