Оқушылар сарайы базасында «STEM-Ұстаз» жобасының жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
🔹 Жоба аясында педагогтердің білім беру және спорттық робототехника және ЖИ бағытындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға арналған оқыту курсы ұйымдастырылды.
🔹 «STEM-Ұстаз» — мұғалімдердің заманауи технологияларды меңгеруіне, инженерлік ойлауын дамытуына және оқушыларға сапалы STEM білім беруіне бағытталған маңызды бастама.
🔹 80 сағаттық курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
🔹 Жоба БҚО білім басқармасы мен ExxonMobil Kazakhstan компаниясының қолдауымен және Robotek робототехника мектебі мамандарының ұйымдастыруымен өткізілді.
✨ Болашақ — білімді де білікті ұстаздардың қолында!
#STEMҰстаз #Білім #Робототехника #Мұғалімдер #STEM
