Skip to content

Бүгін Орал қаласының Оқушылар сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің…

Бүгін Орал қаласының Оқушылар сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Е.Сафуллин мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне мемлекеттік қызметке кәсіби бағдар беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Сонымен қатар жас буынның ел дамуына қосар үлесі, мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны мен жауапкершілігі де кеңінен талқыланды.