Бекітемін____________________
БҚО ББ «Облыстық білім беруді
ақпараттандыру және жобалау орталығы» КММ директоры
А.Бижанов
«___ »_________2025 жыл
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.
Қажетті мамандар тізбесі:
- Директордың орынбасары – 1 бірлік, тұрақты;
- Білім беруді ақпараттандыруды мониторинглеу және медиа бөлімінің басшысы – 1 бірлік, тұрақты;
- Білім беруді ақпараттандыруды мониторинглеу және медиа бөлімінің маманы – 2 бірлік, тұрақты;
- Ақпараттық-әдістемелік бөлімнің әдіскері – 1 бірлік, тұрақты;
- Қауіпсіздік және техникалық сүймелдеу бөлімінің маманы – 1,5 бірлік, тұрақты;
- Жобалау және құрылыс бөлімінің маманы – 1 бірлік, тұрақты;
- Материалдық үстел есепшісі – 1 бірлік, тұрақты;
- Конкурсқа қатысу үшін директордың орынбасары лауазымына қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, басшылық лауазымдарында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар және (немесе) “педагог-зерттеуші”, “педагог-шебер” біліктілігінің болуы;
Лауазымдық міндеттері:
Директордың орынбасары мынадай міндеттерді атқарады:
- орталық жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құрылымдық бөлімдер қызметіне басшылық жасайды;
- орталықтағы оқу, ғылыми, әдістемелік қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды;
- өткізілетін іс-шаралардың оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми ілеспесін әзірлеуге басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асырады;
- мекеменің жұмыс жоспарының уақытында орындалуын бақылайды;
- құрылымдық бөлімдер үшін кадр іріктеуді жүзеге асырады және орталық басшысына ұсынады;
- мекеменің құрылым қызметкерлеріне консультация беруді, орталық зертханаларының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
- әдістемелік құрамды аттестаттауға дайындауды ұйымдастырады.
- орталықты әдістемелік қамтамасыз ету тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді, ақпараттық материалдарды жүйелендіреді және жасайды;
- аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің, тәжірибелік-эксперименттік алаң қызметінің нәтижесін зерделеп, топтастырады;
- облыс мұғалімдері мен әдіскерлеріне, мектеп оқушыларына арналған байқаулар, семинарлар және басқа да шаралардың өткізілуін қадағалайды;
- қажетті есептемелерді дайындап, жіберуді қамтамасыз етеді;
- облыс әдіскерлері мен мамандарына білім берудегі жасанды интеллектті қолдануға қолдау көрсетеді;
- білім беру процесін автоматтандыру және модернизациялауға қолдау көрсетеді;
- білім беруде оқу-әдістемелік кешендерді (платформаларды) білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына ұсынады;
- өткізілетін облыстық және республикалық іс-шараларға техникалық қолдау көрсетуді ұйымдастырады;
- білім беру процесінде қолданылатын платформаларға талдау жасайды және мекеме басшысына ұсынады;
- ақпараттық технологияларды пайдалану мәселесі бойынша педагог кадрларды оқытуды ұйымдастырады;
- ақпараттық және коммерциялық технологиялар саласындағы әдістемелік зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды;
- педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады;
- әрбір қызметкер немесе бөлімнің жауапкершілігін айқындап, мүліктің қайда екенін және қалай пайдаланатынын бақылауға ұстайды;
- ұйымның дамуы үшін ұзақ мерзімді жоспар дайындау және жүзеге асыруға қатысады;
- мекемеде барлық іс-шаралар заңға және ішкі ережелерге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді;
- директордың тапсырмаларын уақытында орындап, оның жоқтығында шешім шығара алады немесе ұсыныстар береді;
- ішкі және сыртқы серіктестермен байланыс орнату, келіссөздер жүргізу, іскерлік қатынасты нығайту, директорға ұсыныс бере отырып жүзеге асырады.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- педагогика және психология негіздері;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметтің негіздері;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Конкурсқа қатысу үшін білім беруді ақпараттандыруды мониторинглеу және медиа бөлімінің басшысы лауазымына қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, академиялық дәрежесін (болған жағдайда) растайтын құжат және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
“педагог-зерттеуші” немесе “педагог-шебер” немесе “үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “білім беру ұйымының” не “басшы-ұйымдастырушы” немесе “басшы-менеджер” немесе “басшы-көшбасшы” бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” біліктілік санатының болуы;
Лауазымдық міндеттері:
- Білім беруді ақпараттандыруды мониторинглеу және медиа бөлімінің басшысы мынадай міндеттерді атқарады:
- бөлімнің жұмыс жоспарларын дайындайды, уақытында орындалуын қамтамасыз етеді және жұмыс есебін ұсынады;
- бөлім мамандарының арасында функционалдық міндеттерін бөлуді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды;
- компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді;
- бөлімнің барлық түрдегі құжаттамаларының есебін жасауды және сақтауды қамтамасыз етеді;
- білім беру қызметкерлеріне, аудандық информатика пәні әдіскерлеріне консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді;
- педагогикалық және басқарушылық инновацияларды зерделейді және насихаттайды;
- облыстың білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісінде жаңа үлгідегі кабинеттер мен интерактивті құрылғылардың жұмыс жасау және қолданылу жағдайын зерделейді;
- оқушылар арасында байқаулар ұйымдастырады және өткізеді;
- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспары бойынша өткізілетін білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және облыстық көлемдегі іс-шараларға эскиздер жасайды, безендіреді және баспа өнімдерін дайындайды;
- білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және облыстық көлемдегі іс-шаралардың фото және бейне түсірілімдердің жүргізілуін шараларды мерекелеу сценарийлері бойынша бейнематериалдардың дайындалуын қадағалайды;
- оқытудың жаңа технологиялары мен цифрлық білім беру ресурстарын енгізу;
- білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру жобаларын үйлестіру және сүйемелдеу;
- ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру сапасын бағалау және мониторингілеу жүйесін іске асыруға қатысу;
- Ұлттық білім беру дерекқорының (ҰБДБ) мониторингін және әкімшілік есептілікті қалыптастыру;
- облыстың білім беру ұйымдарынан ақпараттандыру бойынша деректерді жинау және талдау;
- облыстың білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мониторингін жүргізу.
- облыстың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасына мониторингті жүзеге асыру, қолданыстағы компьютерлік техника паркін жаңғырту және оларға қызмет көрсету;
- Instagram, Facebook әлеуметтік парақшаларын жүргізу, білім беру жүйесінің сайттарын құру және сүйемелдеу;
- полиграфиялық қызметтер көрсету;
- баспа және электрондық түрдегі оқытудың жаңа технологиялары бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдарды әзірлеу және басып шығару, сондай-ақ өз құзыреті шегінде әдістемелік әдебиеттер шығаруды жүзеге асыру;
- мекеме құжаттарының көркемдік-безендіру жұмыстарын орындайды.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- педагогика және психология негіздері;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- Қаржы-шаруашылық қызметінің негіздері;
- компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Конкурсқа қатысу үшін білім беруді ақпараттандыруды мониторинглеу және медиа бөлімінің маманы лауазымына қойылатын талаптар:
I санатты маман: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және II санатты техник-бағдарламашы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
II санатты маман: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және санатсыз техник-бағдарламашы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
санатсыз маман: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Лауазымдық міндеттері:
- БАҚ өкілдерімен жұмыс жасау, Республикалық телеканал, өңірлік телеканалдармен жұмысты ұйымдастыру.
- SMM әлеуметтік желілердегі маркетинг тәжірибесінің болуы;
- Филологиялық және тілдік құзыреттің жоғары болуы;
- Білім беруді ақпараттандыруды мониторинглеу және медиа бөлімінің маманы мынадай міндеттерді атқарады:
- Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді;
- білім беру қызметкерлеріне, аудандық әдіскерлеріне консультативтік көмек көрсетеді;
- педагогикалық және басқарушылық инновацияларды зерделейді және насихаттайды;
- оқушылар арасында байқаулар өткізеді, тапсырмаларын дайындайды;
- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспары бойынша өткізілетін білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және облыстық көлемдегі іс-шараларға эскиздер жасайды, безендіреді және баспа өнімдерін дайындайды;
- мекеме құжаттарының көркемдік-безендіру жұмыстарын орындайды;
- уақытында орталық және бөлім жоспарының мазмұнын орындайды;
- атқарылған жұмыстар туралы апталық, айлық есеп береді;
- облыстың білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісінде жаңа үлгідегі кабинеттер мен интерактивті құрылғылардың жұмыс жасау және қолданылу жағдайын зерделейді;
- ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру сапасын бағалау және мониторингілеу жүйесін іске асыруға қатысу;
- Ұлттық білім беру дерекқорының (ҰБДБ) мониторингін және әкімшілік есептілікті қалыптастыру;
- бөлім жоспарына сәйкес апта сайын Ұлттық білім беру дерекқорын толтырылуын тексереді;
- облыстың білім беру ұйымдарынан ақпараттандыру бойынша деректерді жинау және талдау;
- облыстың білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мониторингін жүргізу;
- облыстың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасына мониторингті жүзеге асыру, қолданыстағы компьютерлік техника паркін жаңғырту және оларға қызмет көрсету;
- білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және облыстық көлемдегі іс-шаралардың фото және бейне түсірілімдерін жүргізеді;
- түсірілген кадрлар негізінде бейнероликтер жасау;
- Instagram, Facebook әлеуметтік парақшаларын жүргізу және сүйемелдеу;
- полиграфиялық қызметтер көрсету;
- баспа және электрондық түрдегі оқытудың жаңа технологиялары бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдарды әзірлеу және басып шығару, сондай-ақ өз құзыреті шегінде әдістемелік әдебиеттер шығаруды жүзеге асыру.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңдары және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- педагогика және жас психологиясы негіздері;
- дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері;
- әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Конкурсқа қатысу үшін ақпараттық-әдістемелік бөлімнің әдіскері лауазымына қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
Лауазымдық міндеттері:
- аудан (қала) педагогтерімен бірлесіп әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;
- облыс мұғалімдері мен педагогтарына арналған облыстық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар, олимпиадалар, байқаулар, он-лайн сабақтар өткізеді, тапсырмаларын дайындайды.
- білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша курстар өткізеді;
- білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға консультативтік және практикалық көмек көрсетеді;
- алдыңғы қатарлы оқыту және тәрбие технологиялары бойынша ақпараттарды топтастырады және таратады;
- IT-алаңның жұмысын ұйымдастырады;
- жалпы орта білім беретін мектептерде информатика пәнінің берілуін зерделейді;
- білім беру ұйымдарымен Kundelik.kz электрондық журналының толтырылуын қадағалайды;
- Бағдарламалау тілдері бойынша практикалық семинар ұйымдастырады;
- YouTube қосымшасына мұғалімдердің үздік сабақтарын орналастырады.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңдары және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- педагогика және жас психологиясы негіздері;
- дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері;
- әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Конкурсқа қатысу үшін қауіпсіздік және техникалық сүйемелдеу бөлімінің маманы лауазымына қойылатын талаптар:
Біліктілікке қойылатын талаптар:
I санатты маман: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және II санатты техник-бағдарламашы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
II санатты маман: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және санатсыз техник-бағдарламашы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
санатсыз маман: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Лауазымдық міндеттері:
- білім беру қызметкерлеріне, аудандық және қалалық информатика пәні әдіскерлеріне консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді;
- педагогикалық және басқарушылық инновацияларды зерделейді және насихаттайды;
- облыстың білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісінде жаңа үлгідегі кабинеттер мен интерактивті құрылғылардың жұмыс жасау және қолданылу жағдайын зерделейді;
- білім беру ұйымдарының интернет желісіне қосылу жағдайын қадағалайды;
- облыс мұғалімдері мен әдіскерлеріне, мектеп оқушыларына арналған байқаулар, семинарлар және басқа да шараларды техникалық сүйемелдейді;
- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспары бойынша өткізілетін білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және облыстық көлемдегі іс-шараларға техникалық қолдау көрсетеді;
- Білім басқармасының қызметіне техникалық қолдау көрсетеді;
- ZOOM арқылы өтетін жиналыстарды, онлайн сабақтар, кеңестер, дәріст ерді техникалық сүйемелдейді;
- Білім басқармасы мен «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» сайттарының жұмысын қадағалайды;
- ұлттық білім беру деректер қорына білім беру ұйымдарымен статистикалық деректердің уақытылы толтырылуын қадағалайды;
- «Старлинг» интернет желісінің, жергілікті желілер мен интернет желісінің дұрыс орнатылуы мен жүргізілуі бойынша техникалық жағдайын қадағалайды;
- Облыстық білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесінің жұмысын қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
- Облыстық білім беру ұйымдарының жедел басқару орталығына (Центральное оперативное управление-ЦОУ) қосылуын бақылайды;
- орталықтағы жергілікті желілер мен интернет желісінің техникалық жағдайын қадағалайды.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, Қазақстан Республикасының “Ақпараттандыру туралы” заңы;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Конкурсқа қатысу үшін жобалау және құрылыс бөлімінің маманы лауазымына қойылатын талаптар:
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қоймастан бітіргені туралы құжат.
Лауазымдық міндеттері:
- бөлімнің жұмыс жоспарларын дайындайды, уақытында орындалуын қамтамасыз етеді және жұмыс есебін ұсынады;
- бөлім мамандарының арасында функционалдық міндеттерін бөлуді, олардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды;
- компьютерлік сауаттылықты меңгереді;
- бөлімнің барлық түрдегі құжаттамаларының есебін жасауды және сақтауды қамтамасыз етеді;
- күрделі жөндеу үшін объектілерді техникалық тексеруге және іріктеуге қатысады;
- білім беру объектілерін салу, күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды зерделейді;
- білім беру ұйымдары объектілерін ағымдағы, күрделі қайта қалыпқа келтіру және құрылыс жұмыстарын жоспарлайды;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру барысында жеке кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырады және осы жобаны іске асыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;
- құрылыс объектілері бойынша сараптамадан өткізер алдында жасақталған жобаларды тексеру жүргізеді, қажетті жұмыс бабында туындаған өзекті мәселелерді өз құзыретіне сәйкес шешу жолдарын реттейді;
- жұмыс бабында туындаған мәселелердің жолдарын министрлік, заң шығарушы органдар арқылы шешу жолдарын қарастырады;
- облыс көлеміндегі білім нысандары ғимаратының жай-күйін анықтайды;
- облыс көлеміндегі білім мекемелермен құрылыс жобалары бойынша жұмысты ұйымдастыруда туындаған сұрақтарды бірлесе шешуді қарастырады;
- инвесторлармен байланыс саласындағы ұйымдастыру саясатын жүзеге асыруға бағытталған перспективалы және ағымдағы бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға басшылық жасайды
- мекеменің қызметiне қатысты экономикалық, қаржы және ақпараттың басқа да түрлерiн жинау, өңдеу және талдау қызметін үйлестіреді.
- инвесторлармен байланыс саласында ұйымның ашықтығы (транспаренттілігі) саясатын қалыптастыру және іске асыруға бағытталған іс-шараларды, жылдық жиналыстарын дайындау және өткізуге басшылық жасайды;
- мекеменің инвесторлармен байланыс саласындағы саясатын жүзеге асыруға шығыстар сметасын әзірлейді және қажетті қаржы есебін жүргізуді ұйымдастырады;
- білім нысандарының жылыту жүйесіндегі қазандықтардың мәселелерін шешуді қарастырады және көмек көрсетеді;
- апатты жағдайда және үш аусымда оқытылатын білім мекемелерінің құрылысын инвесторлар арқылы шешуді жүзеге асырады;
- облыстың білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңы;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Конкурсқа қатысу үшін материалдық есепші лауазымына қойылатын талаптар:
Біліктілікке қойылатын талаптар: I санаттағы бухгалтерлiк есеп және шаруашылық жұмысты талдау жөніндегі экономист: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санаттағы бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау жөніндегі экономист лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;
IІ санаттағы бухгалтерлiк есеп және шаруашылық жұмысты талдау жөніндегі экономист: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау жөніндегі экономист лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
санатсыз бухгалтерлiк есеп және шаруашылық жұмысты талдау жөніндегі экономист: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері
- мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін (негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнім өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды;
- шоттардың жұмыс жоспарын, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын, үлгі нысандары көзделмеген бастапқы құжаттардың нысандарын, сондай-ақ ішкі бухгалтерлік есепке арналған құжаттардың нысандарын әзірлейді, есеп жүргізудің негізгі тәсілдері мен әдістерінің мазмұнын және бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын айқындауға қатысады;
- шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептіліктің деректері бойынша кәсіпорынның шаруашылық-қаржы қызметін экономикалық талдауға, қазіргі заманғы есептеу техникасының құралдарын қолдану негізінде бухгалтерлік есептің прогрессивтік нысандары мен әдістерін әзірлеуге және ендіруге, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады;
- бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа өткізу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
- бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстар жүргізеді;
- мекеменің негізгі құралдары мен тауар-материалдық құндылықтарының есебін жүргізеді, оларды түгендеу және есептен шығаруды ресімдейді;
- басқа мекемелермен келісім-шарттар рәсімдейді.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңы;
- бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
- жоғары тұрған қаржы және бақылау-тексеру органдарының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есеп жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты әдістемелік және өзге де материалдар, құралдар, азаматтық, қаржы, салық және әкімшілік-шаруашылық заңнама;
- еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Конкурс бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Ереже жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.11.19 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.11.22 № 432 бірлескен бұйрығымен).
Конкурсты өткізу күні жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес белгіленеді.
Конкурсты өткізу орны: конкурс БҚО, Орал қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 23 үй мекен-жайындағы “Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының “Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өткізеді.
Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2025 жылдың 25 желтоқсаннан бастап 7 (жеті) жұмыс күндері қабылданады. Әлеуметтік Instagram желілері «bqociso», facebook «Ақпараттандыру орталығы».
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) Соттамағаны туралы анықтама;
11) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынылуы тиіс.
Мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 23 үй.
Телефоны:8 (7112) – 26- 04 – 64, эл.пошта: bkociso@mail.кz.